Nokia C3 01 - Батареяны зарядтау

background image

Батареяны зарядтау
Батареяңыз зауытта жартылай зарядталған, бірақ құрылғыны алғаш қосудан

бұрын оны қайта зарядтау қажет болуы мүмкін.
Егер құрылғының заряд деңгейі төмен болса, былай істеңіз:

1 Зарядтағышты розеткаға қосыңыз.
2 Зарядтағышты құрылғыға қосыңыз.
3 Құрылғы толық зарядталуды көрсеткен кезде зарядтау құрылғысын алдымен

құрылғыдан, одан кейін қабырға розеткасынан ажыратыңыз.

Батареяны белгілі бір уақытқа зарядтаудың қажеті жоқ және құрылғыны зарядтау

кезінде пайдалануға болады. Зарядтау кезінде құрылғыдан жылу сезілуі мүмкін.
Егер батарея заряды толығымен таусылған болса, зарядтау көрсеткіші

шыққанша немесе қоңырау шалу мүмкін болғанша бірнеше минут өтуі мүмкін.
Ұзақ уақыт пайдаланылмаған болса, батареяны зарядтау үшін зарядтағышты

жалғау, одан кейін ажыратып, қайта жалғау қажет болуы мүмкін.
Радио тыңдау кезінде зарядтау қабылдау сапасына әсерін тигізуі мүмкін.